Алматыда 150-ден астам атаусыз көше жаңа атауға ие болды

Монумент Независимости Казахстана, монумент независимости РК, символ независимости, площадь Республики, Золотой Человек, Центральный Государственный музей РК, Алматинская телебашня, телевизионная и радиовещательная башня, Кок-Тобе, Кок Тобе, Алматы, весна в Алматы, лето в Алматы, виды Алматы, город Алматы, виды города Алматы, пейзаж Алматы, Алматинский пейзаж, панорама Алматы, достопримечательности Алматы, достопримечательности города Алматы, туризм в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2025 15:18 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматы қаласының әкімдігі мен мәслихаттың 2025 жылғы 19 қыркүйектегі XXXIV кезекті сессиясында бірлескен шешім қабылданып, шаһардағы 156 атаусыз көшеге ресми атаулар берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, жаңа атаулар Алатау, Әуезов және Бостандық аудандарындағы бірқатар көшелерге берілді.

Алатау ауданы

"Ақбұлақ" шағынауданындағы 4-ші көше – Қален Жанаев көшесі;

"Боралдай" шағынауданындағы 1-ші көше – Амантай Байтанаев көшесі;

"Мәдениет" шағынауданындағы 3-ші көше – Топжарған көшесі;

26-шы көше – Жезтаңдай көшесі;

38-ші көше – Шолаққорған көшесі;

"Теректы" шағынауданындағы 29-шы көше – Парыз көшесі;

"Ғажайып" пен "Нұркент" арасындағы 1-ші көше – Қайым Мұхамедханов көшесі;

"Нұркент" пен "Ботагөз" арасындағы 2-ші көше – Хо Ши Мин көшесі;

"Ақмаржан" мен "Ғажайып" арасындағы 1-ші көше – Сұлтан Жиенбаев көшесі;

"Томирис" шағынауданындағы 1-ші көше – Алтынтөбе көшесі.

Әуезов ауданы

"Мамыр-4" пен "Мамыр-3" аралығындағы 1-ші көше – Әбдуәли Қайдар көшесі;

"Мамыр-4" шағынауданындағы 2-ші көше – Шора Сарыбаев көшесі;

"Мамыр-1" мен "Мамыр-2" арасындағы 3-ші көше – Рәбиға Сыздық көшесі;

4-ші көше – Наталья Сац көшесі.

Бостандық ауданы

23-ші көше – Ыбыраим Қалдыбаев көшесі;

24-ші көше – Байрақ көшесі;

26-шы көше – Әбдіжәміл Нұрпейісов көшесі;

1-ші тұйық көше – Ғұлама көшесі;

13-тұйық – Ерлік көшесі;

14-тұйық – Шардара көшесі;

15-тұйық – Шыңғырлау көшесі.

"Архат", "Ерменсай", "Қарғалы", "Көкшоқы", "Нұр Алатау" шағынаудандарында да бірқатар көшелерге жаңа атаулар берілді. Олардың қатарында атақты тұлғалардың есімдерімен қатар (Әмен Қайдаров, Денис Тен, Бошай Кітапбаев, Қайым Мұхамедханов), ұлттық құндылықтарға қатысты атаулар (Сарқан, Шыңғырлау, Сілеті, Жаңаөзен, Көкше, Асар) да бар.

Әуезов ауданы, "Нұрлытау" шағынауданы:

1-көше – Ойыл көшесі;

4-көше – Мұнара көшесі;

20-көше – Бүлдірген көшесі;

21-көше – Құттыкөл көшесі;

22-көше – Қосбұлақ көшесі;

23-көше – Белдеу көшесі;

24-көше – Мақан Жұмағұлов көшесі;

25-көше – Талапкер көшесі.

Жетісу ауданы:

1-көше – Шәңгерей Жәнібеков көшесі;

2-көше – Қағанат көшесі;

3-көше – Арасан көшесі;

4-көше – Көкбастау көшесі.

Медеу ауданы:

3-көше – Қосбасар көшесі;

4-көше – Ерейментау көшесі;

5-көше – Шұбаркөл көшесі;

6-көше – Құмкент көшесі.

"Алатау" шағынауданы:

11-көше – Сабыр Мәмбеев көшесі;

12-көше – Анатолий Храпатый көшесі;

13-көше – Сарқырама көшесі.

Наурызбай ауданы:

"Ақжар" шағынауданы: Кемер, Үшарал, Отпантау, Жарапазан, Қызылбұлақ, Шиелі, Қызылтас көшелері.

"Қалқаман" шағынауданы: Смайыл Өтегенов, Мауытхан Сыдықов, Бекеш Мадалиев, Сағатай Марқабаев, Қызылқұм көшелері.

"Қарағайлы" шағынауданы: Аққорған, Ақиық, Тұщысай, Баянсұлу, Ақдидар, Таңсамалы, Баласағұн, Миялы, Ырғыз, Асқартау, Жанартау, Қайраңкөл, Бозжыра, Қырықкөл, Сазтөбе, Төрткөл, Көксай, Құлсары, Қарашоқы көшелері.

"Қарғалы" шағынауданы: Төремұрат көшесі.

"Құрамыс" шағынауданы: Кеген, Бозбел, Айыртау көшелері.

"Рахат" шағынауданы: Мөлдіртас, Жаркөл, Құдірет, Асыл көшелері.

"Таужолы" шағынауданы: Имантау көшесі.

"Таусамалы" шағынауданы: Ақжайлау, Бұғылы көшелері.

"Шұғыла" шағынауданы: Құдайберген Тоғаев, Жаңатас, Семей көшелері.

Түрксіб ауданы:

"Әлмерек" шағынауданы: Абыз, Мәрмәр, Жезкиік, Алтынжал көшелері.

"Жас қанат" шағынауданы: Мұзафар Әлімбаев, Қайырлы Жонқабаев, Карл Байпақов, Гүлзар, Көкжазық, Мақтаарал, Байкент, Сәйдәлім Тәнекеев, Таукент, Қосарал, Атымтай Қисанов, Омарғали Құдышев көшелері.

"Қайрат" шағынауданы: Еділ, Талхиз, Жаңадария, Ерентоғай, Қаражал, Сарыбұлақ, Ақжелең, Нарғыз, Күншуақ, Өлке, Айнатас, Қылыш, Сайрам, Жоласар, Жасау, Жетісай, Тұлпар, Сынтас, Байтұма Тұраров, Сибуғатулла Қарынбаев, Жанша Жанасов, Нысанбек Төреқұлов, Мұзбел, Үйсінтау көшелері.

"Нұршашқан" шағынауданы: Сұңқар көшесі.

Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы мен мәслихат шешімі 2025 жылғы 30 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: