Шымкентте тергеуші сотталды

Шымкентте тергеуші сотталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2025 21:50 Сурет: Zakon.kz
Шымкентте тергеуші 2 жыл 7 ай 15 күнге сотталды. Ол қылмыстық іс бойынша қорғалуға құқығы бар адамнан 600 мың теңгені алып жатқан жерінен ұсталған. Сотталушы кінәсін мойындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, Шымкент қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты 25 жастағы полиция қызметкеріне үкім шығарды. Айыпталушы Қылмыстық кодекстің "Алаяқтық" бабымен кінәлі деп танылды.

"Т.А.  Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 190-бабы 3- бөлігі 2-тармағымен қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны бойынша кінәлі деп танылсын. Оған мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жыл 7 ай 15 күнге бас бостандығынан айыру, жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу тағайындалсын", - делінген сот үкімінде.

Сот кабинетіндегі деректерге қарағанда, сотталушы Еңбекші аудандық полиция басқармасында 2 жыл тергеуші болы жұмыс істеген. Өткен жылдың маусым айында тергеудегі қылмыстық іс бойынша қорғалуға құқығы бар адамды қылмыстық жауапкершілікке тартпауға, істі сотқа жібермеуге көмектесетінін айтып одан 600 мың теңге алып жатқан жерінен ұсталған. Қызмет бабын пайдаланған оны өзіндік қауіпсіздік қызметкерлері құрықтаған.

"Куәнің сотталушы А.Т-дың заңсыз әрекеті туралы арызы негізінде оған хаттамамен арнайы құралдар беріліп және қайта алынып, соңғымен ұсынылған 200 мың теңге химиялық өңдеуден өткізіліп, қосымша 400 мың теңге муляж ақша берілген. Оқиға орнын қарап тексеру туралы хаттамаға сай, сотталушының иығына асынған қара түсті сөмкесінен 200 мың теңге шынайы және 400 мың теңге муляж ақша алынып, А. Т өзінің бұл ақша қаражаттарын куәден алғанын көрсеткен"

Сотталушы кінәсін толық мойындаған және шынайы өкінетінін айтқан.Соттан өзіне айыппұл түрінде жаза белгілеуді сұраған.

Оның үкімге келісетіні, не келіспейтіні, апелляциялық шағым түсіретіні не түсірмейтіні белгісіз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: