Алматыда жерасты интим-қызмет студиясы әшкереленді
Фото: Zakon.kz
Алматыда жерасты интим-қызмет көрсететін студия анықталып, таратылды. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жедел іс-шаралар барысында заңсыз жұмыс істеген студия табылған.
"Ғимарат ішінде интим-қызмет көрсетуге арналған құрал-жабдықтар мен реквизиттер болған", – деп нақтылады полицейлер.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. "Барлық мән-жай мен заңсыз әрекетке қатысы бар тұлғаларды анықтау үшін сараптамалар тағайындалды, кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – делінген ПД Алматы баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетейік, бір апта бұрын Астанада полиция жерасты "БДСМ-студиясының" жұмысын тоқтатқан болатын. Ол студия елордадағы тұрғын үйлердің бірінің жертөлесінде орналасқаны анықталды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript