Алматыда гараж бен дәмхана шатыры өртеніп жатыр
Сурет: Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі
Алматыда 19 маусымда гараж өртеніп, от дәмхананың шатырына қарай ұласқан. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлады.
ТЖД күштері мен құралдары жоғары дабыл белгісімен аяғынан тік тұрғызылып, Әуезов ауданы, Жетісу-3 ықшам ауданы, 1/б мекенжайына аттанды.
"Оқиға орнына келіп жеткен төтеншеліктер гараждың өртеніп, оттың дәмхана шатырына ұласқанын анықтады". Алматы ТЖД баспасөз қызметі
Ведомство қызыл жалын жалмаған аудан көлемі әлі нақтыланатынын атап өтті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
