Петропавлда мас ер адам автобуста мектеп оқушысын ұрып жіберді

Петропавлда мас ер адам автобуста мектеп оқушысын ұрып жіберді, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2025 18:06 Сурет: Zakon.kz
Петропавлдағы қоғамдық көлікте мас жолаушы қыз баланы ұрып жіберді. Бұзақы полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде қала ішіндегі автобустың ішінде болған оқиғаның видеосы тарады. Онда ер адамның балаға қол көтерген сәті түсірілген.

Бейнежазба астындағы ақпаратқа сәйкес, жағдай Петропавлдағы №2 бағыттағы автобуста болған. Куәгерлердің айтуынша, салонда мас адамдар отырған, олар балағат сөздер айтып, өзара айқайласып, басқа жолаушыларға кедергі келтірген. Автобустан түсер сәтте ер адамдардың бірі қыз баланы ұрып жіберген. Жолаушылар полиция шақырып, құқық бұзушы ұсталды.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі кәмелетке толмағанға қарсы жасалған заңсыз әрекет бойынша жедел шаралар қабылданғанын хабарлады.

"Қыз балаға соққы жасаған күдікті дереу анықталып, ұсталып, полицияға жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Балаларға қарсы мұндай әрекеттер заңды өрескел бұзу болып саналады және ең қатаң жауапкершілікке әкеп соғады. Оқиға полицияның толық бақылауында", - делінген ПД хабарламасында.

Айта кетейік, 4 қазан күні Алматыда да төтенше жағдай болды: мерзімді әскери қызметтегі сарбаз көпқабатты үйден секіріп, жарақат алып, ауруханаға жеткізілген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: