Оңтүстіктегі жер сілкінісінен кейін ТЖМ жедел штаб құрды
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
6 қазанға қараған түні Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы бойынша жедел штаб құрды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Вице-министр Батырбек Абашевтың төрағалығымен өткен бейнеконференция барысында өңірлердегі қазіргі жағдай қаралды. Министрліктің мәліметінше, ТЖМ күштері мен құралдары толық дайындық режимінде тұр. Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
"Төтенше жағдайлар министрлігі жағдайды бақылауда ұстап, өңірлермен тұрақты байланыс орнатқан. Азаматтардан сабыр сақтап, тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуді сұраймыз", – делінген хабарламада.
Азаматтарға арналған "жедел желі" нөмірлері:
- ҚР ТЖМ Командалық орталығы – 8 (717) 270-41-18
- Түркістан облысы ТЖД – 8 (725) 335-78-86
- Жамбыл облысы ТЖД – 8 (726) 251-35-75
- Шымкент қаласы ТЖД – 8 (725) 295-57-06
Айта кетейік, 6 қазан күні сағат 01:29-да ҚР ТЖМ "ННЦСНИ" сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеген. Дүмпудің күші MSK-64 шкаласы бойынша 4 балға дейін жетті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript