Қазақстандық бүркітшілер Моңғолияда жүлделі орындарға ие болды

Құсбегілер, екінші және үшінші орын , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2025 10:56 Сурет: Абай облысы әкімдігі
Атырау және Абай облыстарының құсбегілері Моңғолияда өткен ІІІ Азия чемпионатында жеңіс тұғырларынан көріне білді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облысы әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, Моңғолия Республикасының Баян-Өлгей аймағында дәстүрлі Дүниежүзілік "Бүркітшілер тойы" аясында ІІІ Азия чемпионаты өтті.

36 жылдық тарихы бар халықаралық дода Моңғолияның мәдени брендіне айналған. Жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған туристер мен бүркітшілер қатысатын ерекше мереке.

"Қазақ құсбегілерін бұл жарысқа мемлекеттік жаттықтырушылар Арманбек пен Базарбек Күнтуған бастап барды. Байрақты бәсекеде Қазақстан Республикасының құсбегілік спортынан ұлттық құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды",- деп жазды әкімдік.

Сурет: Абай облысы әкімдігі

Жалпы чемпионатқа 60-тан астам құсбегі қатысып, келесі сайыстар бойынша сынға түскен.

  • "қолға шақыру",
  • "шырға тарту".

Осылайша, Қазақстан ұлттық құрамасы сапында ел намысын қорғаған Абай облысының бүркітшісі Тәттімбет Кәпұлы "Қарагер" атты қыран құсымен жүлделі үшінші орынды, ал атыраулық құсбегі Арман Қошқаров "Аңырақай" атты бүркітімен екінші орынды иеленіп, ел абыройын асқақтатты.

Бұған дейін әлемнің ең үздік аспазы анықталғанын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: