Еңбек министрлігі үш ай бойы жұмыс істемеген және зейнетақы жарнасын төлемеген қазақстандықтарды есепке алады

Перепись населения, население, численность населения, население Казахстана, население РК, рост населения, рост населения в РК, рост населения в Казахстане, народ, казахстанцы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2025 10:13 Фото: Zakon.kz
Қазақстан үкіметінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі қаулысымен азаматтар санаттары бойынша деректер ұсынуға жауапты мемлекеттік органдар тізбесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, тізбе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңның 26-бабының 1-тармағы мен 26-1-бабының 1-тармағында көрсетілген азаматтар мен уақытша жүрген шетелдіктердің, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен келген еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелерінің деректерін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына ұсынуға жауапты органдарды айқындайды. Бұл деректер кейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың ақпараттық жүйесіне беріледі.

Бірқатар тармақтар жаңа редакцияда жазылды.

Атап айтқанда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төмендегі азаматтар санаттары бойынша деректер ұсынуға жауапты болады:

  • Жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар (жұмыс берушіде кәсіби оқуға немесе субсидияланатын жұмыс орындарына жолданғандардан басқа) – "Еңбек нарығы" ақпараттық жүйесі арқылы;
  • Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға, асырап алушыларға, қорғаншыларға төленетін жәрдемақы алушылар – "Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған деректер базасы" және "Төлемдерді өңдеу ұйымы" ақпараттық жүйелері арқылы;
  • І топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын жәрдемақы алушылар – сол жүйелер арқылы;

Зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері – тиісті ақпараттық жүйелер мен Сот әкімшілігі арқылы.

Сонымен қатар, тізім жаңа тармақпен толықтырылды:

"Соңғы үш ай бойы жұмыс істемейтін және міндетті зейнетақы жарналарын төлемейтін, әлеуметтік әл-ауқаты дағдарыстық немесе төтенше деңгейде тұрған тұлғалар – "Отбасының цифрлық картасы" аналитикалық шешімі арқылы есепке алынады."

Қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: