Ақтөбеде 136 адамды алдап, жарты миллиард теңге иемденген "емшіге" үкім шықты
Фото: Zakon.kz
Ақтөбеде өзіне сеніп келген жүзден астам адамды алдап, 579 миллион теңге көлемінде қаражат иемденген "емші" әйелге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаланың №2 сотының баспасөз қызметі мәліметінше, сотталушы азаматтарға емдік қызмет көрсетіп жүріп, мешіт пен медициналық орталық салуға, өз баласын шетелде емдетуге және кәсібін дамытуға қаржы жинап жатқанын айтып, оларды өз атына несие рәсімдеуге көндірген.
"Ол алынған ақшаны қайтаруға ниетті болмаған. Несие міндеттемелерін өзге адамдардың атына жаңа қарыз рәсімдеу арқылы жауып отырған", – делінген сот хабарламасында.
Нәтижесінде әйел 136 адамды алдап, жалпы сомасы 579 миллион теңге иемденген.
Сот барысында айыпталушы кінәсін мойындамады.
Үкім бойынша ол 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Алайда Қылмыстық кодекстің 74-бабының 1-бөлігіне сәйкес, жазаның орындалуы екі жылға шегерілді – оның кәмелетке толмаған баласы бар болғандықтан.
Жәбірленушілердің азаматтық талаптары ішінара қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript