Қызылордада көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші қамауға алынды

Қызылордада көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші қамауға алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2025 19:33 Сурет: polisia.kz
Қызылордада кезекшілікке түскен полиция қызметкері қоғамдық орындарға бейнебақылау камералары арқылы зерделеу жүргізу барысында қала орталығындағы дүкендердің бірінде мас күйде теңселіп тұрған азаматты байқады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицей мас азаматтың көлік тізгініне отырғанын байқап, дереу оқиға орнына жақын маңда жүрген полицейлерге хабар берген.

"32 жастағы облыс тұрғыны көлікті мас күйде басқарған. Сондай-ақ тексеру барысында құқық бұзушы 2025 жылдың ақпан айында сот шешімімен көлік жүргізу құқығынан 7 жылға айырылғаны белгілі болды", - деп хабарлады полиция.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал көлік айыптұраққа қойылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: