Петропавлда діни мазмұндағы материалдарды заңсыз таратқан екі тұрғын жауапқа тартылды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2025 10:18 Фото: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік желіде заңсыз діни уағыз жүргізген екі петропавлдық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Полицияның мәліметінше, тұрғындардың бірі әлеуметтік желі арқылы діни уағыздар жүргізген. Оған ескерту берілді. Екінші азамат интернетте діни мазмұндағы фото және бейнематериалдар таратқан. Белгілі болғандай, ол өткен жылы да осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартылған.

Құқық қорғау органдары тұрғындарды діни білім мен рухани сұхбатты тек ресми тіркелген діни ұйымдардан алуға шақырды. Полицияның айтуынша, мұндай іс-шаралардың мақсаты — жазалау емес, қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау.

Заңнамаға сәйкес, діни мазмұндағы ақпарат пен заттарды тарату тек діни ғимараттарда, рухани білім беру ұйымдарында және арнайы белгіленген орындарда ғана рұқсат етіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: