ШҚО-да заңсыз діни материалдар таратқан азамат жауапқа тартылды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2024 10:56 Сурет: Zakon.kz
Полиция қызметкерлері әйел адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

ШҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Катонқарағай ауданының 35 жастағы тұрғынын анықтады, ол танымал мессенджердің көмегімен басқа пайдаланушыларға сот шешімімен тыйым салынған бейнероликтерді жіберген.

Аталған құқық бұзушылық жасағаны үшін ол ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы 4-бөлігі (Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті азаматтарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми интернет-ресурстарынан алынған әдебиеттер мен материалдарды басшылыққа алу қажеттігін еске салады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: