Ақмола облысында шомылу маусымы басталғаннан 20-дан астам адам жауапкершілікке тартылды

Шомылу маусымы басталғаннан бері Ақмола облысы ТЖ департаментінің қызметкерлері шағын көлемді кемеге қауіпсіздік кеудешелерінсіз мінгені үшін 6 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шомылу маусымы басталғаннан бері:
- ӘҚБтК-нің 440 бабы бойынша – алкоголь ішімдіктерді ішкені және қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны үшін 9 адам,
- ӘҚБтК-нің 364-бабы бойынша – ортақ су пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін 5 адам,
- ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша – 1 адам су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын бұзғаны немесе орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Адамдар көбіне өз күшіне сеніп, судағы қауіпсіздік ережелерін елемейді. Мас күйінде қауіпсіздік кеудешелерін кимей суға шомылады", – деді Ақмола облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы офицері Диас Әмірханов.
Ақмола облысының ТЖД суға шомылғанда қауіпсіздік ережесін сақтау қажет екенін еске салды:
- егер кішкентай балалармен бірге су қоймасында болсаңыз, оларды қараусыз қалдырмаңыз, балаларға ересектерсіз суға кіруге рұқсат бермеңіз;
- тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;
- жүзу шекараларын белгілейтін қалтқылардың артында жүзбеңіз;
- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге болмайды;
- суға түспеңіз және қараңғы уақытта шомылмаңыз;
- суға алкогольге немесе есірткіге мас күйінде кірмеңіз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript