Қарағанды облысында браконьерлер ұсталды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2025 15:25 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қарағанды облысының Нұра ауданында табиғатты қорғау, криминалдық және патрульдік полиция қызметкерлері бірлесіп өткізген "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында браконьерлер ұсталды.

Оқиға 9 қазан күні түнгі сағат 02:40 шамасында Теміртау – Астана автожолының 50-шақырымында Алғабас ауылының маңында болған.

Полицияның жылжымалы тобы күдік тудырған Mitsubishi Pajero автокөлігін тоқтатпақ болған кезде, жүргізуші мен жолаушы полицейлердің талабына бағынбай, жол жиегіне бұрылып қашпақ болған. Алайда тәртіп сақшыларының жедел әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында көлік тоқтатылып, екі ер адам ұсталды.

Тексеру барысында көліктің жүк салғышынан жабайы аңның еті, екі аңшы мылтығы, 15 оқ-дәрі, қолдан жасалған пышақ және қуатты жарық шам табылды.

Ұсталғандардың ешқайсысында аң аулауға рұқсат беретін құжаттар болмаған. Белгілі болғандай, күдіктілер – Саран қаласының 41 жастағы екі тұрғыны. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар Нұра аудандық сотының қаулысымен ер адамдар полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбағаны үшін кінәлі деп танылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: