15 жасар қазақстандық футболшы қайтыс болды

Мұса Арон, 15 жасар футболшы, Ақтөбе құрамасының ойыншысы , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2025 10:34 Сурет: Instagram/fcaktobe_youth
2025 жылғы 11 қазанда “Ақтөбе U-16” командасының ойыншысы, 15-жастағы футболшы Арон Мұса өмірден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаралы хабар жайлы футбол құрамасының баспасөз қызметі Instagram желісіндегі жеке парақшасында жазды. Қайғылы оқиғаның мән-жайы көрсетілмеген.

"Арон бауырымызбен бірге әжесі және немере ағасы да көз жұмды",- делінген ақпаратта.

Арон "Ақтөбе U-16" құрама сапындағы алғашқы ойынын 2 тамыз күні бастады, ал соңғы рет 4 қазандағы матчта өнер көрсетті.

Бұған дейін 24 қыркүйекте "Жеңіс" футбол құрамасының 19 жасар футболшысы Виктория Кайсаринова Астана – Павлодар тас жолындағы жол апатынан қаза тапқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: