Медициналық туризмді дамытуға белсенді азаматтар тартылады – Денсаулық сақтау министрі

Обязательное социальное медицинское страхование, медицинское страхование, медицинская страховка, ОСМС, врач, врачи, доктор, доктора, медик, медики, медицина, здравоохранение, медстрахование, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2025 14:16 Фото: pixabay
Қазақстанда медициналық туризмді дамыту мақсатында өңірлік денсаулық сақтау басқармаларына белсенді азаматтар мен түрлі ұйым өкілдерін тарту жоспарланып отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астанада өткен халықаралық конференция барысында айтты.

Министрдің айтуынша, өңірлерге туристік нысандарды заманауи талаптарға сай жаңғырту және медициналық туризмді дамытуға әлеуеті жоғары бағыттарды айқындау міндеті жүктелген.


"Осы мақсатта Денсаулық сақтау басқармаларына бастамашыл азаматтарды, мемлекеттік емес ұйымдар мен бизнес қауымдастық өкілдерін, сондай-ақ түрлі ведомстволарды тарту көзделіп отыр. Бұл шаралар жауапкершілік аймақтарын нақтылап, нақты мерзімдер мен көрсеткіштер бойынша жұмыстың орындалуын бақылауға мүмкіндік береді", – деді Ақмарал Әлназарова.

Министрдің сөзінше, медициналық туризм жүйесі — тек ауруханалар мен емханаларды ғана емес, сонымен қатар қонақ үйлерді, көлік компанияларын, туристік агенттіктерді, ақпараттық және коммуникациялық жүйелерді қамтитын кешенді инфрақұрылым. Бұл өз кезегінде өзге өңірлерден және шетелден келетін пациенттерге сапалы қызмет көрсетуге жағдай жасайды.

Айта кетсек, бұған дейін Қазақстанда табиғи-медициналық кластерлер құру жоспарланғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: