Үкімет ІІМ-нің алкоголь сатуды шектеу бастамасына пікір білдірді

Алкоголь, алкогольная продукция, алкоголизм, спирт, спиртной напиток, алкогольные напитки, спиртное, алкоголик, алкоголики, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2025 16:46 Фото: pexels
2025 жылғы 14 қазанда үкіметтің баспасөз конференциясында супермаркеттер мен дүкендерде алкоголь сатуды шектеу мәселесі талқыланып жатқандығы хабарланды, деп жазады Zakon.kz.

Журналистер ІІМ-нің супермаркеттер мен дүкендерде алкоголь сатуды шектеу мүмкіндігі туралы бастамасын сөз етіп, мұндай шаралардың экономикалық әсері қандай болатынын және кейбір сатушылардың қара нарыққа кету қаупін сұрады.

"Экономикалық әсер – халық денсаулығы. Аз ішетін болады, демек, халықтың денсаулығы жақсарады. Көптеген елдерде тек алкоголь өнімдерін сататын арнайы дүкендер бар. Бізде де осындай дүкендер бар. Бұл мәселе әлі талқылануда. Соңғы шешім қабылданған жоқ, күтейік", – деді Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Амрин.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов бұл бастама әлі тек ІІМ деңгейінде екенін атап өтті.

"Бастаманың қаншалықты әсер ететіні, қанша салық төлеуші, қанша салық түсіп қалмайтыны, сауда айналымы қалай төмендейтіні сияқты есептерді әзірге жүргізген жоқпыз. Егер жұмыс тобы құрылса, біз әртүрлі қырынан қарастырамыз", – деді ол.

2025 жылғы 13 қазанда ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденов мас күйінде жасалған қылмыстардың санын қалай азайтуға болатынын айтып, ойын-сауық орындарында алкоголь сатуды шектеу қажеттілігін айтқан еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: