Қазақстанда жол апаттарына ұшыраған азаматтарды қорғау күшейтіледі

Дорожно-транспортное происшествие с детьми, ДТП с детьми, авария с ребенком, ДТП с ребенком, детский самокат, сбитый ребенок, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2025 10:49 Фото: Zakon.kz
Мәжіліс 2025 жылғы 15 қазанда жол-көлік оқиғаларында (ЖКО) зардап шеккендердің құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған заң жобасын қарауға қабылдады. Жоба бойынша сақтандыру сомаларын ұлғайту көзделіп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Депутат Татьяна Савельева атап өткендей, заң жобасы көлік иелері мен тасымалдаушылардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыруды жетілдіруге арналған. Ол азаматтардың мүдделерін қорғауды күшейтуді көздейді.

"Заң жобасы көлік иелерінің және тасымалдаушылардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады. Жоба сақтандыру сомаларын көбейту, төлем алушылардың санын кеңейту, мұрагерлерді хабардар ету міндетін енгізу және азаматтарға тәуелсіз сараптама алу құқығын беру арқылы ЖКО-да зардап шеккендердің құқықтарын қорғауды күшейтуді мақсат етеді", – деді депутат.

Оның сөзінше, заң жобасына үкіметтің оң қорытындысы алынған.

Айта кету керек, 2025 жылғы 14 қазанда белгілі болғандай, тек Астана қаласында 9 ай ішінде жол-көлік оқиғаларынан шамамен екі мың адам зардап шеккен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: