Астанада түнгі уақытта алкоголь сатқан дүкен анықталды

Алкоголь, алкогольная продукция, алкоголизм, спирт, спиртной напиток, алкогольные напитки, спиртное, алкоголик, алкоголики, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2025 11:34 Фото: pexels
Астанада тыйым салынған уақытта алкоголь өнімдерін сатқан дүкен анықталды.

Қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полицейлер "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында рейдтік шаралар жүргізуде. "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Абылайхан даңғылы бойындағы дүкендердің бірінде сағат 23:00-ден кейін алкоголь өнімін сату дерегі тіркелді.

Тексеру кезінде дүкен иесінің 1,5 литрлік құйылмалы сыраны сатып, заң талабын бұзғаны анықталды. Бұл әрекет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық болып саналады. Дүкен иесіне қатысты тиісті шара қолданылды.

Сонымен қатар 44 жастағы қала тұрғыны Рысқұлбеков көшесіндегі тұрғын үй ауласында бағандарға өз жарнамасын заңсыз орналастырған. Ол қаланы абаттандыру ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Полиция қызметкерлері сағат 23:00-ден таңғы 08:00-ге дейін алкоголь өнімдерін сатуға қатаң тыйым салынғанын ескертеді. Бұл талапты бұзған кәсіпкерлерге айыппұл салынып, қайталанған жағдайда лицензиясынан айыруға дейінгі шара қолданылуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: