ҚМА блогерлердің жауапкершілігін күшейтуді және лотереяларға жаңа ережелер енгізуді қарастырып жатыр

Телефон, мобильный телефон, сотовый телефон, смартфон, мобильный интернет, мобильная связь, мобильный оператор, мобильные операторы, социальные сети, соцсети, соцсеть, социальная сеть, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2025 12:06 Фото: pexels
ҚР ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов 2025 жылғы 16 қазанда Сенаттағы брифингте ведомство лотереялар туралы заңға түзетулер енгізу және блогерлердің жауапкершілігін қатаңдату мүмкіндігін қарастырып жатқанын растады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бұл бағытта қазіргі уақытта өзге мемлекеттік органдардан ұсыныстар жинау жүргізіліп жатыр.

"Одан кейін бұл ұсыныстар үкіметтің қарауына, кейін Мәжіліске енгізіледі. Өздеріңіз білесіздер, бұған дейін қаржы пирамидаларын жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген болатын. Қазір осыған ұқсас түрде аталған салада да дәл осындай қылмыстық жауапкершілік белгілеу мәселесі қарастырылуда", – деді Жеңіс Елемесов.

Бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Толегенованың ісі туралы да айтып өткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: