Жалған стоматологиялар арқылы зейнетақы қаражатын шығару ісі: ҚМА күдіктілердің бірі туралы мәлімдеді

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2025 12:15 Фото: Zakon.kz
ҚР ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов 2025 жылғы 16 қазанда Сенаттағы брифинг барысында жалған стоматологиялық клиникалар арқылы зейнетақы қаражатын шығару схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген үш адамның бірі ұсталғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сөз Аслан Дүйсенов туралы болып отыр. Ол өз кінәсін мойындамай, жарияланған бейнеүндеуінде өз стоматологиясының шын мәнінде жұмыс істегенін айтқан. Журналистер ҚМА өкілінен кәсіпкер бейнеүндеу жасағаннан кейін не себепті іздеуге жарияланғанын сұрады.

"Біріншіден, оның мәртебесі – күдікті. Оған сырттай айып тағылып, сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған. Осыдан кейін ол іздеуге жарияланды. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды, сот санкцияны растады. Тергеу барысында оның төрт клиниканы құруға қатысқаны толық дәлелденді, сондай-ақ заңсыз әрекеттер нәтижесінде алынған барлық қаражат көлемі анықталды", – деді Жеңіс Елемесов.

Айта кетсек, 2025 жылғы 2 қазанда Қаржы мониторингі агенттігі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) қаражатты заңсыз шығару ісіне қатысы бар үш қазақстандыққа іздеу жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: