Жұманғарин 2026 жылы зейнетақы неге тек 10%-ға өсетінін түсіндірді
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2025 жылғы 20 қарашада Сенаттағы брифингте 2026 жылы зейнетақы тек 10%-ға ғана өсірілуінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Журналистер зейнетақыны келер жылы неге тек 10%-ға арттыру жоспарланып отырғанын, ал инфляция бұдан жоғары болуы мүмкін екенін сұрады.
"Біз орташа инфляция деңгейі 9–10% болады деп болжам жасадық, сондықтан индекстеуді 10% ретінде бекіттік. Бүгінгі таңда бұл біздің бюджет мүмкіндіктеріне байланысты", – деді Серік Жұманғарин.
БАҚ өкілдері "қосымша қарастыру болуы мүмкін бе?" деп сұрағанда министр зейнетақыны қайта қарау жоспарланбағанын атап өтті. "Көтеру болмайды, 10% сол күйінде қалады. Бұл көрсеткіш бюджетке енгізілген", – деді ол.
Еске салайық, 2025 жылғы 19 қарашада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының өзекті мөлшерін жариялаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript