Атырауда көші-қон заңнамасын бұзған 39 шетелдік елден шығарылды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2025 14:19 Фото: Zakon.kz
Атырау облысында 13–17 қазан аралығында республикалық деңгейде "Заңсыз келуші–2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Оның басты мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ заңсыз көші-қон фактілерінің алдын алу және жолын кесу.

Іс-шараның алғашқы үш күні ішінде 364 құқық бұзушылық анықталды.

Анықталған заңбұзушылықтардың ішінде:

  • Қазақстан Республикасынан кету мерзімін өткізіп алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар – 110 дерек;
  • Елден он тәуліктен астам уақыт бойы кетуден жалтарғандар – 133 дерек;
  • Визада көрсетілген мақсаттарға сай келмейтін еңбек қызметін атқарған, не еңбек етуге рұқсатсыз жұмыс істеген шетел азаматтары – 116 дерек;
  • Шетелдіктерді қабылдайтын жеке және заңды тұлғалардың көші-қон заңнамасын бұзуы – 106 дерек;
  • Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту фактілері – 14 дерек.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 39 шетел азаматы елден шығарылды, ал ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша бір тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Полиция департаментінің мәліметінше, "Заңсыз келуші – 2025" іс-шарасы заңсыз көші-қон арналарының жолын кесуге, шетел азаматтарының ел аумағында болуын бақылауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: