Қар, үсік: "Қазгидромет" 17 қазандағы ауа райына болжам ұсынды

Қар, үсік: "Қазгидромет" 17 қазандағы ауа райына болжам ұсынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2025 18:50 Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК мамандары 2025 жылғы 17 қазан, жұма күніне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес:

"Ауқымды антициклон республика аумағының басым бөлігіне әсерін жалғастырады, сондықтан көп өңірде жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады. Тек елдің батысы мен солтүстік-батысында атмосфералық фронттардың ықпалымен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын өтеді. Республика бойынша жел күшейеді, ал батыста – тұман күтіледі".

Сонымен қатар түнде үсік жүреді:

  • Жетісу облысында – -4…-9°С,
  • Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде – -1…-6°С дейін.

Бұдан бөлек, еліміздің бірқатар өңірінде өрт қаупі жоғары және ерекше жоғары өрт қаупі сақталады.

Өрт қаупі жоғары аймақтар:

Маңғыстау облысы, Атырау облысының солтүстік-шығысы, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысы, Жамбыл облысының орталығы, Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығы, Алматы облысының батысы, Қостанай мен Ақмола облыстарының оңтүстік-батысы, сондай-ақ Ұлытау облысының шығысы мен орталығы және Абай облысының оңтүстігі.

Ерекше жоғары өрт қаупі бар өңірлер:

Қызылорда, Түркістан, Атырау (солтүстік, оңтүстік, шығыс бөліктері), Жамбыл (батыс пен солтүстік аймақтары), Ақтөбе (батыс, солтүстік-шығыс және орталық бөліктері), Алматы облысының солтүстігі, Қостанайдың оңтүстігі, Батыс Қазақстан облысы және Ұлытау облысының оңтүстігі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: