Синоптиктер 30 қазан күнгі ауа райына болжам ұсынды

Синоптиктер 30 қазан күнгі ауа райына болжам ұсынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2025 18:15 Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК мамандары 2025 жылғы 30 қазан, бейсенбі күнге арналған ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжам бойынша, еліміздің басым бөлігі антициклонның сілемі әсерінде болады, соның салдарынан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалымен жаңбыр жауады, батыста – қатты жаңбыр. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша тұман түсіп, батыста, солтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшеюі мүмкін", - делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, еліміздің бірқатар өңірінде:

  • жоғары өрт қаупі – Ұлытау облысында, Атырау облысының солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігі, шығысы және орталығында, Алматы мен Қарағанды облыстарының батысында, Қостанай мен Ақмола облыстарының оңтүстік-батысында, Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында, Жетісу облысында және Абай облысының оңтүстігінде бар;
  • төтенше жоғары өрт қаупі – Қызылорда облысында, Түркістан облысының оңтүстігі мен шөлейт аймақтарында, Атырау облысының шығысында, Жамбыл облысының батысы мен солтүстігінде, Ақтөбе облысының батысы, солтүстік-шығысы және орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында күтіледі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: