Қазақстанда тегін медициналық көмектің тізімі кеңейтілді

Городской центр крови, донор крови, донорская кровь, донорство крови, сдача крови, переливание крови, анализ, анализы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2025 12:08 Фото: Zakon.kz
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылғы 16 қазанда еліміздегі медициналық ұйымдарда не өзгергенін айтып берді. Жаңашылдықтардың бірі - скрингтік бағдарламалар тізімінің кеңейтілуі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрлік мәліметіне сүйенсек, соңғы бір жарым жылдың ішінде Денсаулық сақтау министрлігі медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша ауқымды әрі жүйелі жұмыс жүргізді.

Атап айтқанда, скринингтік бағдарламалар тізімі кеңейтілді:

  • қатысушылардың жасы 76 жасқа дейін ұлғайтылды — қосымша шамамен 1 млн адам қамтылды;
  • жоғары сезімталдықтағы тестілер енгізілді — созылмалы ауруларды ерте анықтау көрсеткіші 1,5–2 есеге артты;
  • ми қан айналымының бұзылуын ерте анықтау үшін 50–76 жас аралығындағы ер адамдарға арналған жаңа скрининг енгізілді;
  • онкоскринингтер ТМККК пакетіне енгізілді — енді олар 300 мың сақтандырылмаған азаматқа да қолжетімді.

Бұдан бөлек, науқастың жолы жеңілдетілуде:

"Учаскелік дәрігерлердің жұмыс күні 8 сағатқа дейін ұзартылды, оның 6 сағаты пациенттерді қабылдауға бөлінген. Бұл азаматтардың дәрігерге қолжетімділігін арттырып, мамандарға кезекті қысқартуға мүмкіндік берді",- делінген ақпаратта.

Цифрлық шешімдердің арқасында жалпы практика дәрігерлеріне қолжетімділік 3,5 есеге, бейінді мамандарға — 15 есеге артты.

Сонымен қатар, тиімді өндіріс қағидаты енгізілді — қағазбастылық азайды, пациентке бөлінетін уақыт артты.

Дәрігердің кейбір функциялары мейіргерлерге берілді, соның нәтижесінде халықты алғашқы көмекпен қамту деңгейі 60%-дан 80%-ға дейін өсті.

МСАК мамандарын ынталандыру шаралары күшейтілді:

  • онкологиялық аурулар мен туберкулезді ерте анықтағаны үшін 5 айлық есептік көрсеткішке дейінгі бонустар;
  • ынталандырушы компонент көлемі 2 есеге артты;
  • сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін тоқсанына 2 млн теңгеге дейін төлем қарастырылған.

Сондай-ақ, МСАК-ты трансформациялау шеңберінде ел бойынша 687 медициналық ұйымның басшылары мен 787 жалпы практика дәрігері, 978 мейіргер, 279 колледж оқытушысы және 697 жоғары оқу орнының оқытушысы оқытудан өткен.

Ерекше назар — ана мен бала денсаулығын сақтауға аударылған.

Соңғы бір жылдың ішінде:

  • нәресте өлімі 15%-ға;
  • бастапқы мүгедектік 7,5%-ға төмендеді;
  • үй жағдайындағы нәресте өлімі 22%-ға азайды.

"Салауатты Ана" пансионаттары, жүкті әйелдерді бақылауға арналған 20 жағдайлық орталық және 100 ерте араласу орталығы ашылуда.

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін пациентке, профилактикаға және барлығына тең қолжетімділікке айналдыруға бағытталған заманауи ету мақсатын қойған.

Бұған дейін Астанада жаңа ақылы автотұрақтар мен минуттық төлем жүйесі енгізілетіндігін жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: