Дубайда "Lenovo Қазақстан" директорын өлтіруге тапсырыс берген күдікті ұсталды

Дубайда "Lenovo Қазақстан" директорын өлтіруге тапсырыс берген күдікті ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2025 17:15 Сурет: polisia.kz
Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Дубай қаласында Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол еліміздің Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген.

Ол "Lenovo Қазақстан" компаниясының корпоративтік сату жөніндегі директорын қастандықпен өлтіруді ұйымдастырды деген күдікке ілінген.

Қылмысқа техника жеткізуге байланысты алынған қарыздық міндеттемелерді орындамау себеп болған.

Былтыр күзде Алматы облысы аумағында күдіктінің тапсырысы бойынша екі қаскөй аталған кісіні өлтірген.

Айта кетейік, бұған дейін қылмысты жүзеге асырушылар да қамауға алынған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: