Ақтауда Green Plaza тұрғын үй кешенінің аумағында 18-қабаттан құлаған қыз көз жұмды
Сурет: куәгерлер
Ақтауда 17-шағынауданда орналасқан Green Plaza тұрғын үй кешенінің аумағында қыз 18-қабаттан құлап, қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Куәгердің айтуынша, оқиға орнында полиция жедел жеткен.
"Жұмыстан үйге қайтып келе жатқанмын. Ауладан жылдамдықпен бірнеше полиция көлігінің өткенін көріп, не болғанын білуге шықтым. Басында түсінбедім, кейін полицей көлігінің артына қарасам — жерде қыздың денесі жатыр екен. Кіреберіс есігіне жақын, бар болғаны бір метр жерде құлап жатқан", - деді ол.
Қайғылы оқиға 18 қазан күні таңертең болған. Сол күні кешке Маңғыстау облысы полиция департаменті оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу) бойынша іс қозғалғанын хабарлады.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript