Павлодарда есірткіге мас жүргізуші ұсталды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2025 09:26 Фото: Zakon.kz
Павлодар – Қызылорда автожолында патрульдік полицейлер КамАЗ жүк көлігін тоқтатты.

Полицейлер тексеріс барысында жүргізушінің орынсыз мінез-құлқын, жағымсыз қылықтарын байқап, көлікті есірткіге мас күйде басқарғанын анықтады.

Жүргізушінің жағдайы медициналық куәландыру қорытындысымен расталады.

Павлодар полиция департаментінің хабарлауынша, құқық бұзушы азамат 2024 жылдың қыркүйегінде көлік басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылғаны анықталды.

Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде. "Заң мен тәртіп" қағидаты азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қолдауға бағытталған. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауап береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: