Жыл соңына дейін Қазақстанда 23 өрт сөндіру депосы салынады

Пожарная часть, пожарная служба, пожарный, пожарные, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2025 11:07 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2025 жылғы 21 қазанда өткен Үкімет отырысында төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арынов өрт қауіпсіздігі саласындағы даму жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта төтенше жағдайлардың алдын алу және мониторинг жүргізу үшін жасанды интеллект негізіндегі геоақпараттық жүйелер мен талдау құралдары енгізілген.

"Өрт қаупі жоғары аймақтарды бақылау мақсатында барлық өңірлерде бейнебақылау камералары орнатылды. Сонымен қатар ел бойынша өрт сөндіру деполары мен құтқару станцияларын салу және жаңғырту жұмыстары белсенді жүріп жатыр", – деді Арынов.

Министрдің мәліметінше, осы уақытқа дейін 25 өрт сөндіру депосы мен станциясы салынды, 196 нысан реконструкцияланды, оның ішінде 173 өрт сөндіру депосы мен 17 жатақхана бар.

"Жыл соңына дейін тағы 23 өрт сөндіру депосының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр", – деп қорытындылады Арынов.

Бұған дейін Алматы қаласында жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары туралы еске салынған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: