Алматыда тоғыз айда 130 миллион теңгеден астам жалақы берешегі өтелді

Алматыда тоғыз айда 130 миллион теңгеден астам жалақы берешегі өтелді, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2025 19:01 Сурет: Zakon.kz
2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Алматы қаласында еңбек инспекциясы 634 тексеру жүргізіп, 638 заң бұзушылықты анықтады. Соның нәтижесінде қала кәсіпорындары 243 жұмысшыға 130,7 миллион теңге жалақы берешегін өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматы қалалық Еңбек инспекциясы комитеті департаментінің басшысы Серік Оразбеков мәлімдеді.

Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мақсатында жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 634 жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде 638 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 603-і еңбек қатынастарына, 34-і еңбек қауіпсіздігіне, ал бір жағдай жұмыспен қамтуға қатысты болды.

Жұмыс берушілерге 414 нұсқама беріліп, олардың 97,3%-ы орындалды. Заң бұзған 335 ұйым мен кәсіпкерге 62,8 миллион теңге айыппұл салынып, оның 44,4 миллионы өндірілді.

Жыл басынан бері еңбек инспекциясына 5 мыңнан астам өтініш түсті. Заң талаптарын түсіндіру үшін 7 кездесу ұйымдастырылып, 422 адам кеңес алды. БАҚ-та еңбек құқығы жөнінде 6 материал жарияланды.

2025 жылы қаладағы 52 ұйым жұмысшыларына 130,7 млн теңге қарызын өтеді. Мысалы, "Казэлектропривод" ЖШС 27 қызметкерге 24,4 миллион теңге, ал банкрот болған "ДК Кардинал" ЖШС 35 адамға 41,1 миллион теңге төледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: