Ақтөбе жастардың көзімен: "Жаңа идея – жайлы қала" эскиздік жобалар байқауы жарияланды

Ақтөбеде қала әкімі архитектура, ландшафты дизайн, урбанистика, құрылыс, инженерия саласына оқып жатқан жоғары оқу орындарының студент жастары арасында "Жаңа идея – жайлы қала" эскиздік жобалар байқауын жариялады., сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2025 09:10 Сурет: Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Ақтөбеде қала әкімі архитектура, ландшафты дизайн, урбанистика, құрылыс, инженерия саласына оқып жатқан жоғары оқу орындарының студент жастары арасында "Жаңа идея – жайлы қала" эскиздік жобалар байқауын жариялады.

Азамат Бекет студент жастармен кездесіп, қаланы абаттандыру бойынша жұмыстарды талқылады, жастардың жайлы қалалық орта қалыптастыру туралы көзқарастарын тыңдады, пікір алмасты.

Бұл шараға құрылыс компанияларының басшылары, архитектор мамандар қатысты.

"Біз қалада қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмыстарын қолға алдық. Биыл жаздың өзінде 15-тен астам жаңа қоғамдық кеңістіктер пайда болып, ескілері жаңартылды. Бұл жұмыстарды алдағы жылы да жалғастырамыз. Бізге сіздердің, жастардың тың көзқарасы, жаңа идеялары керек. Сіздермен жұмыс істеуге әзірміз. Ол үшін "Жаңа идея – жайлы қала" эскиздік жобалар байқауын жариялап отырмыз. Бұл "Жаңа идея – жайлы қала" байқауының мақсаты – жастарды қаланың өміріне, қалалық ортаның қалыптасуына араластыру, студенттердің мамандыққа бейімделуіне тәжірибе жүзінде мүмкіндік беру, жастардың жаңашыл көзқарастарын, идеяларын қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға бағыттау, тиімді пайдалану. Осы байқауға сіздер қатысады, қаламызды көрікті ете түсетін, қалаға тың серпін беретін жаңа жобалар ұсынады деп сенемін", – деді Азамат Бекет.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Байқау екі бағыттан тұрады. Бірінші бағыты бойынша қатысушы студент қала әкімдігі тарапынан ұсынылатын бос жатқан учаскелерді қоғамдық кеңістік ретінде (сквер, аллея, саябақ, рекреациялық аймақ) абаттандыру үшін эскиздік жоба жасап ұсынады.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ал байқаудың екінші бағытын таңдаған қатысушы қала ішінде бұрыннан бар болғанымен абаттандыруды қажет ететін қоғамдық кеңістіктерді жақсарту, жаңарту, толықтыру үшін эскиздік жоба ұсынады. Ең үздік жоба үшін 1 млн. теңге сыйақы тағайындалды. Өзге де жүлделі орындарға сыйақы табысталатын болады.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Студент жастар жұмыстарын байқауға 15 желтоқсанға дейін ұсынулары тиіс. Жылдың соңында байқау қорытындыланады. Ең үздік деп танылған жеңімпаз эскиздік жобалар келесі жылы жүзеге асырылады.

Шара барысында студент жастардың қалалық даму және сәулет бағытындағы шығармашылық жұмыстарының көрмесі өтті.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ студенттер қала әкімімен, архитектура, құрылыс саласының мамандарымен бірге "Бос аумақтан — дайын жобаға дейін" тақырыбында Ақтөбенің дамуы, қаланы абаттандыру және жастардың сәулеттік жобалардағы рөлі туралы сұрақ-жауап форматында талқылау өткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: