Алматыдағы әйгілі "Арбатқа" жаңа келбет берілді

Арбат, Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2025 10:57 Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Жетісу ауданы әкімі аппаратының тапсырысы бойынша ағымдағы жөндеу аясында "Арбат" жүргіншілер аймағы мен Айнабұлақ шағынауданындағы Мақатаев көшесіндегі жүргіншілер жолы толық көркейтілді.

Жұмыс Республика күніне дейін аяқталып, аудан тұрғындарына жасалған сый әрі қалалық ортаны жаңғыртудың бір көрінісі болды.

Жоба аясында тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру және қоғамдық кеңістікті жаңарту бойынша кешенді жұмыс жүргізілді.

Сурет: Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Атап айтқанда: аумағы 9,5 мың м² жаңа кеспе тас төселді,

  • 266 заманауи шам тірегі орнатылды,
  • 14,9 мың м² аумаққа көгал төселіп,
  • ұзындығы 7,7 км автосуару жүйесі жүргізілді,
  • балалар алаңы салынды,
  • 6 жаңа аялдама кешені орнатылды,
  • 25 қоқыс жәшігі,
  • 40 орындық,
  • 24 вазон қойылды,
  • 8 шектеу бағаны орнатылып,
  • 274 п.м. жасыл аймақ қоршауы орнатылды.

Сурет: Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар жүргіншілер аймағында ерекше арт-нысандар пайда болды — киіз үй пішініндегі сәндік арка және шағынаудан атауы жазылған инсталляция. Балалар үшін жарқын дизайндағы пиксель-алаңша жасалып, отбасылық демалыстың жаңа тартымды орнына айналды.

Сурет: Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Жобаның жүзеге асырылуы аудандағы қалалық ортаның сапасын арттыруға, аумақтың эстетикалық келбетін жақсартуға және тұрғындар үшін қолайлы инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған.

Сурет: Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: