Алматыда Республика күніне орай Қарасу көлінің бойында жаңа сквер ашылды

Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан Қарасу көлінің жағалауында абаттандыру жұмыстары аяқталып, жаңа сквер ашылды. Жоба Қазақстан Республикасының күніне орай жүзеге асырылды., сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2025 15:50 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан Қарасу көлінің жағалауында абаттандыру жұмыстары аяқталып, жаңа сквер ашылды. Жоба Қазақстан Республикасының күніне орай жүзеге асырылды.

Абаттандыру жұмыстары биыл сәуір айында басталған болатын. Жалпы аумағы 12 мың шаршы метрден астам жерді қамтыған жоба аясында кең көлемді көркейту шаралары жүргізілді: арт-нысандар орнатылып, арық өткелі мен амфитеатр салынды. Сонымен қатар, автоматты суару жүйесі мен көше жарықтандыру желілері тартылды.

Құрылыс барысында табиғи рельефті сақтау мен Қарасу көлінің жағалауының экологиялық жағдайын жақсартуға баса назар аударылды.

Қазір барлық жұмыстар толық аяқталып, жаңа сквер қала тұрғындары мен қонақтары үшін заманауи демалыс орнына айналды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: