Қарағандыда 273 мың теңгенің киімін ұрлаған күдікті ұсталды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2025 14:37 Фото: Zakon.kz
Қарағанды қаласындағы ірі сауда орталықтарының бірінде орналасқан бутикке ұрлыққа түскен ер адам полиция қызметкерлерімен ұсталды.

Оқиға барысында белгісіз азамат жалпы құны 273 мың теңге болатын киім-кешекті жасырын түрде алып кеткен.

Сауда орны иесіне елеулі материалдық шығын келтірілген. Қарағанды облысының полиция департаменті қызметкерлері қылмыс туралы хабар түскен сәттен бастап жедел іс-шаралар кешенін жүргізді.

Нәтижесінде 34 жастағы Қарағанды тұрғыны анықталып, ұсталды. Тергеу кезінде күдіктінің бутикке бірнеше рет кіріп, әр келген сайын өзіне ұнаған тауарларды жасырын алып шыққаны анықталды.

Осылайша ол қымбат киімдерді кезең-кезеңімен ұрлап, дүкен қызметкерлерінің назарын аудартпаған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұрланған заттар табылып, иесіне қайтарылды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: