Жер сілкінісі туралы қате хабарлама: ТЖМ жүйеде ақау болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды
Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 23 қазанда Сенат кулуарында Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев Алматы тұрғындарын дүрліктірген жер сілкінісі туралы қате хабарламаның себебін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, автоматтандырылған ескерту жүйесінде ақау болуы мүмкін.
"Біздің станцияларда орнатылған жүйелердің өзінде, мүмкін, ақау болған шығар. Негізі, кішігірім жер сілкінісі болған — шамамен 2–3 балл. Ал жүйе бес балл болған жағдайда ғана хабарлама таратуға бапталған. Бәлкім, ішкі ақау салдарынан жүйе іске қосылып кеткен. Қазір мамандарымыз, яғни мердігер ұйым өкілдері, бұл жағдайды тексеріп жатыр. Мүмкін, екі балл кезінде-ақ іске қосылып, хабарлама жіберген шығар", - деді Кеген Тұрсынбаев.
Ол сондай-ақ бұған дейін де осыған ұқсас жағдайдың техникалық ақаудан болғанын айтты. Жалпы ел бойынша шамамен 70 сейсмикалық станция жұмыс істейтіні белгілі.
"Бұл жүйенің жұмысын реттейміз деп ойлаймын. Алматы ТЖД бастығы қала тұрғындарына алаңдауға негіз жоқ екенін мәлімдеді. Қазір комиссиямыз бұл жабдықты орнатқан жеткізушілермен бірге тексеріс жүргізіп жатыр", - деді вице-министр.
Еске салайық, бүгін, 23 қазанда, Алматы тұрғындары мен қонақтарының телефона жер сілкінісі туралы жаппай хабарлама келді. Хабарлама 12:21-де келген, алайда қалада ешқандай сілкініс тіркелген жоқ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript