Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелді: Алматыда сезілген жоқ

Сейсмометр, сейсмология, сейсмологи, сейсмограмма, землетрясение, подземные толчки, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2025 12:37 Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 23 қазанда Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдымен Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісі Қазақстан аумағында болғанын хабарлаған.

ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС жер сілкінісін тіркеді. Алдын ала мәлімет бойынша сейсмикалық оқиға Алматыда тіркелген. Сезілуі туралы ақпараттар нақтылауды қажет етеді", – делінген алғашқы хабарламада.

Кейін ақпарат түзетілді:

ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 23 қазанда Астана уақыты бойынша 12 : 20 жерсілкінісі тіркелді. Жерсілкінісі ошағы Қырғызстан аумағында, деп жазылған ресми хабарламада.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,1, магнитудасы MPV – 4,9. Қазақстанда сілкіністің сезілуі туралы мәлімет жоқ.

Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы сайтында жер сілкінісі Қырғызстанда тіркелгені көрсетілген.

Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының сейсмология институты мәліметінше, кейбір елді мекендерде сілкініс интенсивтілігі шамамен 3 баллды құрады: Тогуз-Булак және Конур-Олен ауылдары.

Алматылықтар пікірлерінде жер сілкінісін сезбегендерін айтып, келген шұғыл хабарламаны атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: