Бағасы төмен, сапасы жоғары: Алматыда қашан және қайда үлкен жәрмеңке өтетіні белгілі болды
Фото: пресс-служба акимата Алматы
25-27 қазан аралығында Алматыда Қазақстан Республикасының 35 жылдығына арналған ауыл шаруашылығының кеңейтілген жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы әкімдігінің берген мәліметіне сай, тұрғындар мен қала қонақтары 4 өңірден келген 15 ауданның фермерлері мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен жаңа әрі сапалы өнімдерді қолжетімді бағамен тікелей сатып ала алады.
Жәрмеңке Қазыбек би көшесінде – Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейінгі аралықта ұйымдастырылып, таңғы 08:00-ден кешкі 17:00-ге дейін жұмыс істейді.
Іс-шара аясында 50-ден астам тауар түрі ұсынылады. Олардың қатарында ет пен сүт өнімдері, жеміс-көкөністер, шұжықтар, жарма, ұн, өсімдік және жануар майлары және басқа да өнімдер бар.
Жалпы сатылымға шығарылатын өнім көлемі шамамен 400 тонна: оның ішінде 120 тонна – ет өнімі, 100 тонна – көкөніс пен жеміс, 50 тонна – сүт өнімдері, 130 тонна – басқа да тауарлар.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript