Израильдің аннексиялық жоспарына Трамп қарсы шықты

Дональд Трамп, Трамп, президент Америки, президент США, президент Соединённых Штатов Америки , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2025 15:19 Фото: flickr/Gage Skidmore
Израиль парламенті Батыс жағалауды аннексиялау туралы жобаны алдын-ала мақұлдады.

Дегенмен бұл құжат заңға айналуы үшін әлі үш рет дауыс берілу тиіс.

Соңғы мәліметке қарағанда, жобаны премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың "Ликуд" партиясы құптамаған және де палестиналық территорияны еврей мемлекетінің құрамына қосуға АҚШ президенті Дональд Трамп та қарсы шықты.

Израиль Иордан өзенінің батыс жағалауын 1967 жылғы соғыста басып алды, деп жазады qazaqstan.tv.

Израильдің енді бұл аумақты аннексиялау жоспары Таяу Шығыста екі мемлекет құрып, бейбітшілік орнату идеясын жүзеге асыруға үлкен кедергі жасауы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: