Астанада, Алматыда және тағы сегіз қалада ауа сапасы нашарлайды

Астанада, Алматыда және тағы сегіз қалада ауа сапасы нашарлайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2025 10:10 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Қазақстанның 10 қаласының тұрғындарына ауа сапасы нашарлайтынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2025 жылғы 26 қазанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қостанай, Көкшетау, Өскемен, Семей, Риддер, Орал, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Атырау, Астана қалаларында күтіледі", - делінген "Қазгидромет" РМК-нің хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: