Кітап иісі сіңген өмір: Алматыда Кітапханашылар күні аталып өтті

Школьная библиотека, школьные библиотеки, учебники, книги, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2025 16:41 Фото: akorda.kz
Алматыдағы Alatau Creative Hub шығармашылық орталығында Кітапханашы күні айрықша аталып өтті.

Бұл мереке – ұлттың рухани қазынасын сақтап, білім мен мәдениетті насихаттап жүрген кітапханашылар еңбегіне деген құрметтен бастау алады.

Салтанатты жиынға Алматы қалалық Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Әлиев, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, кітапхана саласының ардагерлері, қалалық кітапханалар қызметкерлері және шығармашылық қауым өкілдері қатысты.

– Кітапханашы – кітап пен оқырман арасындағы дәнекер ғана емес, кітапқа жаңа тыныс беретін тұлға, – деді Мереке Құлкенов, – Оның еңбегімен кітап рухани күшке айналып, оқырман білім мен ізденіс жолына түседі, – деді мерекелік іс-шарада.

Іс-шара барысында кітапхана саласының ардагерлері мен үздік қызметкерлері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің және Мәдениет басқармасының Алғыс хаттарымен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Кітапхана ісінің майталмандарына айтылған жылы лебіздер мен ризашылық сөздер олардың ағартушылық жолдағы еңбегінің қоғам үшін маңызын айқындай түсті.

Айта кетейік, Алматыда кітапханашылар қауымына құрмет көрсету дәстүрі жыл сайын жалғасып келеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: