Жаңалықтар тізбегі
0

24 қазан – Қазақстанда кітапханашылар күні

24 қазан – Қазақстанда кітапханашылар күні , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2023 13:45 Сурет: pixabay
Бүгін Қазақстанда Кітапханашы күні аталып өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кітапханашы – құрметті әрі қажет маман. Оның қызметі бай тарихи, мәдени және ғылыми мұраны сақтау мен насихаттауда аса маңызды. Цифрлық технологиялардың дамуы кітапханалардың жұмыс істеу тетіктерін өзгерткенімен, олардың ағарту және ақпараттық орталықтар ретіндегі мақсат-міндеті өзгеріссіз қалды. Қызметкерлер өздерінің кәсібилігі мен өз кәсіптеріне берілгендігінің арқасында кітапханаға келуші оқырмандардың бойында тану мен зерттеуге деген құлшыныс сезімін оятатын ахуал қалыптастырады.

Орталық коммуникациялар қызметінің дерегінше, Қазақстанда кейінгі 5 жылда мемлекеттік тапсырыс шеңберінде кітапханаларға арнап 4,5 млн кітап басып шығарылды. 

Кітапханашылар күнімен Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтады:

"Бүгінгі жаһандық дәуір - оқығанын көкейіне тоқи білген көзі ашық жандардың заманы десем артық айтқандық емес. Сіздердің руханият пен мәдениетке, тарих пен әдебиетке қосар үлестеріңіз қомақты. Соның ішінде еліміздің жоғары оқу орындарында да жұмыс атқаратын ақпараттық қызмет көрсету орталығы мамандарының бұл саладағы еңбегі ерен деп бағамдаймын. Ұлы ақын Абай атамыз "Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге" деп бекер айтпаса керек. Мен сіздерді еліміздің Ғылым және өзімнің атымнан бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, баршаңыздың отбасыңызға амандық, бақ-береке, ынтымақ тілеймін. Ғылымымыз тұғырлы, біліміміз ғұмырлы болғай! Мерейлі мереке құтты болсын!"

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: