Павлодарда "ҰБТ үшін" 1 млн теңге пара алған мұғалім ұсталды

1 сентября, первое сентября, школьная линейка, День знаний, первый звонок, цветы для учителя, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2025 11:40 Фото: Zakon.kz
Павлодарда ҰБТ-ға көмектесемін деп 1 млн теңге алған бұрынғы мұғалім ұсталды. Бұл туралы 2025 жылғы 29 қазанда ҚР ІІМ мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, полицияға жәбірленуші ер адам жүгініп, Павлодар қаласындағы мектептердің бірінде бұрын мұғалім болып жұмыс істеген азаматтың ҰБТ-ны тапсыруға көмек көрсетемін деген желеумен өзінен 1 млн теңге көлемінде ақша алғанын хабарлаған.

"Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта күдіктінің өңір аумағында осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр",- делінген ақпаратта.

Полиция азаматтарға егер осындай алаяқтық әрекеттердің құрбаны болса, бірден құқық қорғау органдарына жүгінуді ескертеді.

Бұған дейін ТМД елдерінде алимент төлемейтін борышкерлермен күрес күшейтілетіндігін жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: