Мәжілісте ЛГБТ насихатына тыйым салуға қатысты түзетулердің мәні түсіндірілді

Здания Мажилиса и Сената Парламента РК, Мажилис, Сенат, Парламент, госслужба, госслужащие, государственная служба, государственные служащие, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2025 14:30 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2025 жылғы 29 қазанда Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова мінберде жаңа түзетулердің мақсаты адамдардың жыныстық бағытына қарсы емес, ЛГБТ насихаты бар материалдардың таралуын шектеу екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Депутаттың айтуынша, педофилияны қоспағанда, әркім өз өмірінде нені дұрыс деп есептесе, сол жолмен жүре алады.

"Бірақ мұндай насихаттың қажеті жоқ. Сіздер байқамаған шығарсыздар, ал мен көрдім – кітапханаларда ЛГБТ-ны насихаттайтын кітаптар бар. Онда ханзада басқа ханзадаға ғашық болады, екі жігіттің арасындағы махаббат суреттеледі, мұндай мысалдар көп. Сондай-ақ көрсетілімге рұқсат етілген мультфильмдер бар, журналдар мен комикстер бар, олардың бәрінде бұл өмір салты насихатталады", – деді Смирнова.

Оның сөзінше, мұндай фильмдер мен кітаптар түзетулер қабылданған жағдайда арнайы белгімен (таңбамен) маркерленетін болады.

Бұған дейін Қазақстанда дипфейк үшін жауапкершілік енгізілетіндігін жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: