Бас прокуратура шетелде сотталғандардың не себепті Қазақстанға оралудан бас тартатынын түсіндіріп берді
Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 30 қазанда Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Сенатта сөйлеген сөзінде сотталған жүздеген қазақстандықтың жазасын шетелде өтеуді жөн көретінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Сенат депутаты Арман Өтегенов сотталғандарды қайтару тек олардың жазбаша келісімі болған жағдайда ғана мүмкін екенін атап өтті. Ол, мысалы, Мароккода сотталған қазақстандықтардың еліне қайтудан қаншалықты жиі бас тартатынын сұрады.
"Иә, сіз дұрыс айттыңыз: келісімде көрсетілгендей, сотталған адамды елімізге қайтару үшін оның келісімі қажет. Егер жазбаша келісімі болмаса, біз оны қайтара алмаймыз. Қазір 958 қазақстандық шетелде жазасын өтеп жатыр, олардың 700-ден астамы – Ресей Федерациясында. Солардың арасында елге оралғысы келмейтіндер бар, себебі олардың туыстары сол жақта тұрады, сондықтан олар жазасын өздері жүрген елде өтеуді қалайды", – деді Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев.
Бұған дейін Алматы қаласы әкімінің экс-орынбасарын Астанада өлтіріп кеткенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript