Алматы қаласы әкімінің экс-орынбасарын Астанада өлтіріп кетті

Алматы қаласы әкімінің экс-орынбасарын Астанада өлтіріп кетті, Ержан Бабақұмаров , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2025 10:47 Сурет: primeminister.kz
Әлеуметтік желілерде Алматының бұрынғы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Астанада төбелеске ұласқан жанжал кезінде қайтыс болды деген ақпарат тарады. Мәліметті елорда полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің түсініктемесі:

"Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала деректер бойынша, бұрыннан таныс адамдардың арасында ауызша жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Салдарынан 56 жастағы ер адам алған жарақаттарынан көз жұмды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір алдын ала тергеу жүргізілуде".

Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров 1969 жылы қазіргі Жетісу облысы Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. 1991 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін саясат тарихының оқытушысы мамандығы бойынша бітірген, 1995 жылы сол білім ордасының аспирантурасын тәмамдаған.

Қызмет жолы:

  • 1995 жылы – Қазақстанның Даму институты Саяси зерттеулер орталығының ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, директоры.
  • 1996 жылдың тамыз айынан – Алматы қаласы әкімі аппаратының бас маманы.
  • 1996 жылдың желтоқсан айынан – ҚР Президентінің Әкімшілігінің аға референті, кеңесшісі, сектор меңгерушісі, Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
  • 2004 жылдың сәуір айынан – ҚР Президенттің Әкімшілігінің әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы.
  • 2004 жылдың қыркүйек айынан – Президент Әкімшілігінің ішкі саясат басқармасының ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі. 2005 жылдың наурыз айынан – Президент Әкімшілігінің ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі.
  • 2006 жылдың ақпан айынан – ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі.
  • 2007 жылдан – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы.
  • 2008 жылдан бері – ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің меңгерушісі.
  • 2012 жылғы 5 қазанда Президент жанынан Орталық коммуникациялар қызметі құрылып, соның алғашқы директоры болып тағайындалды. 2016 жылғы 8 маусымда қызметінен босатылды.
  • 2016 жылғы 9 маусымда Премьер-министр Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды.
  • 2018 жылы 11 желтоқсанда Президент Әкімшілігінің Талдау және болжау орталығының меңгерушісі болып тағайындалды. 2019 жылғы 5 сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы лауазымынан босатпай, өзіне кеңесші етіп тағайындады. 2019 жылғы 5 шілдеде екі лауазымынан да босатылды.
  • 2019 жылы 6 шілдеде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзіне орынбасар етіп тағайындады. 2022 жылғы 1 ақпанда қызметінен кетті.
  • 2022 жылы 9 ақпанда Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып екінші мәрте тағайындалды. Бұл қызметті сол жылдың 2 қыркүйегіне дейін атқарды.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: