Алматы қаласы әкімінің орынбасары отставкаға кетті

2025 жылғы 7 тамызда Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі қала әкімінің тағы бір орынбасары қызметінен кеткенін хабарлады. Осы күннен бастап Әсем Нүсіпова әкімнің орынбасары қызметін атқармайды, деп жазады Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2025 11:40 Сурет: gov.kz
2025 жылғы 7 тамызда Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі қала әкімінің тағы бір орынбасары қызметінен кеткенін хабарлады. Осы күннен бастап Әсем Нүсіпова әкімнің орынбасары қызметін атқармайды, деп жазады Zakon.kz.

Әкімдіктің ресми хабарламасында:

"2025 жылғы 7 тамызда Әсем Нүсіпова өз еркімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті".

2022 жылдың ақпан айынан бері ол білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау салаларын қадағалап келген болатын.

Қала әкімдігінің сайтында жарияланған мәліметтерге сәйкес, қазіргі уақытта Дархан Сатыбалдының орынбасарлары:

  • Асқар Амрин – қоғамдық көлік, энергетика мен сумен жабдықтау, қаржы салаларына жауапты;
  • Бейбіт Шаханов – құрылыс, спорт және жер қатынастары салаларын қадағалайды;
  • Азамат Қалдыбеков – қоғамдық даму, мәдениет, дін және жастар саясаты;

Олжас Смағұлов – экономика және мемлекеттік активтер, кәсіпкерлік пен өнеркәсіп, туризм, экология және абаттандыру мәселелерімен айналысады.

Айта кетейік, Алматының жаңа әкімі Дархан Сатыбалды қызметіне кіріскеннен кейін әкімдікте кадрлық өзгерістер орын ала бастады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: