Мемлекет басшысы Woosong білім беру қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Woosong білім беру қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасын қабылдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2025 15:42 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы 2025 жылғы 31 қазанда Woosong білім беру қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасы Ким Сонг Кёнгты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда ақпарына сүйенсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда Woosong университетінің әлемдік білім беру талаптарына сай келетін филиалын ашқаны үшін Ким Сонг Кёнгке ризашылығын білдірді.

Президент филиалдың ашылуы білім беру ғана емес, Қазақстан мен Оңтүстік Корея халықтарын мәдени жақындастыру тұрғысынан ерекше мәнге ие жоба екенін атап өтті.

Өз кезегінде, Ким Сонг Кёнг Азияға, сондай-ақ әлемге белгілі білім және ғылым үздіктерінің бірі саналатын Woosong University Қазақстанның зияткерлік әлеуетін нығайтуға ықпал ететінін жеткізді.

"Әңгімелесу барысында адам капиталын дамыту, білім беру сапасын арттыру, ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект салаларында біліктілігі жоғары инженерлер, сұранысқа ие мамандар даярлау мәселелері талқыланды".Ақорда

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың МИФИ ректоры Владимир Шевченкомен кездескенін жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: