Президент Мәскеудегі беделді институттың ректорын қабылдады
Сурет: akorda.kz
Президент 2025 жылғы 31 қазанда Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректорын қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда мәліметіне сүйенсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректоры Анатолий Торкуновпен кездесу өткізді.
Мемлекет басшысы ММХҚИ-дің халықаралық қатынастар саласы бойынша білікті мамандарды даярлаудағы беделін жоғары бағалайтынын жеткізді.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында ММХҚИ филиалының ашылуын құптады. Қазір мұнда 100 студент білім алуда",- делінген ақпаратта.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей академиялық қауымдастықтарының нәтижелі ықпалдастыққа ұмтылысы екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев МИФИ ректорымен еліміздегі АЭС құрылысы жайлы әңгімелескенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript