Алматы ипподромының орнына тұрғын үй кешені салына ма

Алматы ипподромының орнына тұрғын үй кешені салына ма, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2025 19:46 Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Тенгри Инвест" ЖШС және Алматы әкімдігі қаладағы ипподром аумағында тұрғын үй кешені салынады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компанияның хабарлауынша, әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та тараған тұрғын үй кешені салынады деген қауесет негізсіз.

"Тарихи ипподром аумағында ешқандай құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ. Сондай-ақ тұрғын үй немесе коммерциялық нысандар салу жоспары да жоқ. Ипподром бұрынғыдай жұмыс істеп тұр, онда ат спорты жарыстары өткізіліп, ұлттық спорт түрлерін дамыту ісі жалғасып келеді", - деді "Тенгри Инвест" ЖШС директоры Ержан Майлыбаев.

Алматы әкімдігі де бұл ақпаратты теріске шығарды.

"Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес, аталған аумақ ипподром ретінде бекітілген, ал оны бұзу немесе өзге мақсатта пайдалану жөнінде ешқандай рұқсат берілген жоқ", - деп мәлімдеді әкімдік.

Айта кетейік, Алматы ипподромы – еліміздің ең көне спорт нысандарының бірі. Мұнда дәстүрлі түрде ат спорты жарыстары мен ұлттық мәдениетті насихаттайтын ірі қоғамдық шаралар өткізіліп келеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: